ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Қазақстандықтар Аустралия ашық чемпионатының іріктеуін сәтті бастады

Қазақстандық теннисшілер Аустралия ашық чемпионатының іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Әлемнің 182-ракеткасы Михаил Кукушкин дүниежүзілік рейтингте 233-орында тұрған босниялық Мирза Башичпен кездесті. Қазақстандық теннисші 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Тағы бір қазақстандық, рейтингте 180-сатыдағы Дмитрий Попко әлемнің 124-ракеткасы, испаниялық Сапата Миральес Бернабемен шеберлік байқасты. Д.Попко қарсыласын 6:1, 7:5 есебімен ұтты. Сондай-ақ рейтингте 257-орындағы Тимофей Скатов әлемнің 150-ракеткасы, франциялық Уго Греньеден айласын асырды - 6:3, 6:2.

Іріктеу сайыстарының финалына шығу үшін М.Кукушкин рейтингте 230-орындағы нидерландылық Робин Хасемен, Д.Попко 990-сатыдағы аустралиялық Филип Секуличпен, Т.Скатов тағы бір аустралиялық, әлемнің 497-ракеткасы Дэйн Суинимен таласады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!