ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Букмекер №1 в Казахстане
Лучший букмекерский бренд*
Самый надежный букмекер
Лучший киберспортивный букмекер
Лучший букмекер 2025*

Қазақстандық таеквондошылар Ирандағы турнирде 15 медаль жеңіп алды

Тегеранда таеквондодан халықаралық турнирлер сериясы өтті. Азия федерациясының президенті кубогының соңғы күнінде Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл жолы 68 келінің өкілі Ерасыл Арапбай қола жүлдеге қол жеткізді.

Осылайша қазақстандықтар аталған турнирде үш медаль иеленді: Жансель Дениз – алтын, Смайыл Дүйсебай мен Ерасыл Арапбай – қола жүлдегерлер.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандықтар Иран астанасында үш халықаралық жарысқа қатысты: клубтар арасында Азия чемпионаты, дәстүрлі «Fajr Open» турнирі және Азия федерациясы президентінің кубогы.

Аламан бәйгелер қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасында әртүрлі дәрежедегі 15 медаль бар: екі алтын, үш күміс және 10 қола.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!