Қазақстандық таеквондошы қыздар халықаралық турнирде үздік үштікке енді

Таеквондодан Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия федерациясы президентінің кубогінде жалпыкомандалық есепте үздік үштіктен көрінді, деп жазады Olympic.kz.

Сәуле Сардарова шәкірттерінің еншісінде бір алтын медаль бар. Естеріңізде болса, жарыстың алғашқы күнінде Жансель Дениз (73 келі) финалда иорданиялық спортшыдан басым түсіп, сол арқылы жеңімпаз атанды.

Осылайша Дениз Оңтүстік Кореяда өтетін Азия чемпионатына жеке жолдама жеңіп алды.

Бүгін, 12 наурызда, даянгқа Қазақстанның ерлер құрамасы шығады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!