Қазақстандық таеквондошы Ирандағы жарыста қола жүлдеге ие болды

Қазақстандық таеквондошы Смайыл Дүйсебай Тегерандағы халықаралық турнирде үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды Қазақстанның таеквондо федерациясының баспасөз қызметі.

Жерлесіміз бұл күндері Иран астанасында өтіп жатқан Азия федерациясы президентінің кубогында қола жүлдегер атанды.

87 келі салмақта жеңімпаз атағы жарыс қожайынына бұйырса, екінші орынға әзербайжандық спортшы жайғасты.

Ал үшінші орынды қазақстандықСмайыл Дүйсебаймен өзбекстандық Никита Рафалович өзара бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік, Смайыл Тегеранда өткен клубтық Азия біріншілігінде топ жарған.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!