Қазақстандық таеквондошы Ирандағы рейтингілік турнирдің күміс жүлдегері атанды

Бұл күндері Иран астанасы Тегеранда таеквондодан «Fajr Open» рейтингілік турнирі өтіп жатыр. Бірінші жарыс күнінде спортшылар төрт салмақта сынға түсті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан сапынан Жансель Дениз бен Әмина Нұрғақызы жүлдеге ілікті. Жансель 73 келіге дейінгі салмақта күміс медаль иеленсе, Әмина 62 келіге дейінгі салмақта қола жүлде тағынды.

Бүгін қыздар арасында 49, 57, 67, 73 салмақ дәрежесіндегі жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.

Турнир 9 наурызға дейін жалғасады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!