Қазақстандық спортшы маунтинбайктан халықаралық турнирде жүлдегерлер қатарына енді

Түркияның Алания қаласында маунтинбайктан ХСС (шорт-трек) дисциплинасы бойынша халықаралық турнир мәресіне жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған сында қазақстандық спортшы Денис Сергиенко күміс медаль жеңіп алды. Ол швейцариялық Давид Рисбергке қана есе жіберген.

Қола жүлдені тағы бір швейцариялық спортшы Вильгот Линдх иеленді.

Жарысқа жалпы есебі 22 спортшы қатысқан. Оның екеуі мәреге жеткен жоқ.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!