Түркияда күрес түрлерінен рейтингілік «Яшар Догу» бәсекесі басталды. Турнирге қазақстандық балуандар да қатысып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бүгін грек-рим күресінің өкілдері кілемге шығуда.
63 келіде белдескен Айдос Сұлтанғали ширек финалда түркиялық қарсыласына 1:5 есебімен жол беріп, жеңіліс тапты.
67 келі салмақ дәрежесінде қазақстандықтар Мейіржан Шермаханбет пен Данияр Қаленов белдескен еді. Тартысты кездесуде тәжірибелі Мейіржан Шермаханбет жеңіске жетіп, жартылай финалға өтті.
Сондай-ақ 130 келіге дейінгі салмақта күрескен Антон Савенко бірнеше дүркін әлем чемпионы, түркиялық Риза Каялпқа есе жіберді.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.











