Қазақстандық спортшы күрес түрлерінен халықаралық турнирде топ жарды

Түркияда өтіп жатқан күрес түрлерінен рейтингілік турнирде Қазақстан қоржыны тағы бір алтынмен толықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

72 келіде сынға түскен Жәмила Бақбергенова барлық қарсыласын тізе бүктірді.

Ол Литва, Түркия, Ресей балуандарын ұтып, ақтық сында германиялық Анна Карменн Шелді 8:2 есебімен жеңді.

76 келіде белдескен Гүлмарал Еркебаева турнирдің қоласын қанағат тұтты. Ол кіші финалда АҚШ балуанын ұтқан.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!