Қазақстандық шахматшы әлемдік рейтинге жоғары көтерілді

Қазақстандық шахматшы Бибісара Ассаубаева Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) блиц рейтингіндегі позициясын жақсартты, деп хабарлайды Sports.kz.

Варшавада өткен әлем чемпионатында 17 жастағы спортшы блиц-шахматтан алтын жүлдені жеңіп алып, FIDE рейтингінде 10-орынға көтерілді. Сондай-ақ рейтингте Асаубаевадан бөлек, тағы екі қазақстандық шахматшы бар: Жансая Әбдімәлік 9-шы, Динара Сәдуақасова 11-ші орынға жайғасты.

Естеріңізге сала кетейік, Бибісара Асаубаеваның жеңісі Қазақстан үшін тарихи көрсеткіш болды: бұған дейін отандық шахматшылар ересектер арасындағы әлем чемпионатында әлі алтын жүлдеге қол жеткізбеген еді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!