ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Қазақстандық нояндар семсерлесуден Азия чемпионатында үздік үштікке енді

Өзбекстан астанасы Ташкентте семсерлесуден жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы Азия біріншілігі аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Сары құрлық чемпионатында спортшылар үш қару түрінен сынға түсті. Атап айтар болсақ, рапира, сабля және шпагамен семсерлесуден Азия үздіктері анықталды.

Қазақстан командасының спортшылары бір алтын, екі күміс және үш қола медаль жеңіп алды. Шпагадан кадеттер арасындағы сында Богдан Лукин топ жарса, жасөспірімдер арасындағы сында Александр Федотов күміске қол жеткізді.

Жалпы командалық есепте Гонконг пен Өзбекстанды алға жіберген Қазақстан құрамасы үшінші орынға табан тіреді.

Айта кетелік, турнирге құрлықтың 20 мемлекетінен 300-ден аса спортшы қатысты.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!