ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Қазақстандық хоккейшіге финляндиялық азулы клубтар көз тікті

Финляндияның екінші Местис лигасындағы «РоКи» сапында өнер көрсететін қазақстандық шабуылшы Батырлан Мұратов Жоғарғы лигаға ауысуы мүмкін, деп хабарлайды ilta-Sanomat басылымының редакторы Саша Хуттунен.

«Местис жұлдызы Батырлан Мұратовға Лиига клубтары қызығушылық танытуда. Келесі маусымда 22 жастағы хоккейші Жоғарғы лигаға ауысуы мүмкін», — деп жазды журналист.

Мұратов ағымдағы маусымда «РоКи» сапында 29 ойын өткізіп, 32 (15+17) ұпай жинады. Осы көрсеткішпен ол өз командасының ең үздік сұрмергені атанып тұр, сонымен қатар Местис лигада бесінші орынға жайғасқан.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!