Қазақстандық гимнаст Испаниядағы турнирде өнер көрсетпек

Испанияның Марбелья қаласында көркем гимнастикадан Гран-при турнирі басталады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған турнирге Қазақстан атынан Эльжана Таниева қатысады. Ол бүгін жарысты бірінші болып бастайды.

Гимнастар додасы Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-ге жоспарланған.

Айта кетелік, Эльжана Таниева Мәскеуде өткен Гран-при турнирінде ұршық жаттығуы бойынша күміс медаль жеңіп алған болатын.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!