Қазақстандық файтердің Хабибтің лигасындағы титулдық жекпе-жегі өтпейтін болды

Қазақстандық файтер Жасұлан Әкімжан Хабиб Нурмагомедотың Eagle FC лигасындағы титулдық жекпе-жегін өткізе алмайды, деп хабарлайды Arlan MMA Pro Team баспасөз қызметі.

Кездесу 18 ақпан күні Мәскеуде қырғызтандық Бусурманкул Абдибаит Уулуна қарсы өтуі тиіс еді.

«Біздің команданың жауынгері Жасұлан Әкімжан жаттығу жиыны кезінде жарақат алып, қырғызстандық Бусурманкул Абдибаит Уулуна қарсы алдағы титулдық жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр. Қарсыласынан және оның командасынан, Eagle FC лигасынан және барлық жанкүйерлерден кешірім сұрағымыз келеді. Біз жекпе-жекті сақтай аламыз деп үміттенген едік, бірақ хирургиялық емдеу қажет, содан кейін қалпына келтіру процесі басталады. Мұндай жағдайлардан ешкім де сақтандырылмаған, сондықтан қазақстандық батырдың титулдық жекпе-жекте өзін көрсетуге әлі де мүмкіндігі болады деп үміттенеміз», — делінген команданың хабарламасында.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!