Қазақстандық боксшы «Канеломен» жаттығуы және алдағы жекпе-жегі туралы пікір білдірді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы «Канеломен» жаттығу жүргізуі мен алдағы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді.

«Ассалаумағалейкум, алаш елі! АҚШ-тың Сан Диего қаласында өзім жұдырықтасатын екінші орта салмақтағы абсолюттік әлем чемпионы Сауль Альвареспен бірге алдағы жекпе-жегіме дайындығымды бастап кеттім. Әзірге менің жекпе-жегім белгісіз. Бірақ келесі жекпе-жегім тағы бір әлем чемпионы кубалық боксшыға қарсы өтеді, Алла бұйырса. Әзірге келіссөздер жүруде. Өздеріңіз білетіндей, мен соңғы жекпе-жегімде жеңіске жету арқылы WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионына міндетті үміткер атанған едім», – деп жазды Ербосынұлы инстаграм парақшасында.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!