ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Қазақстандық 6 ауыр атлеттен  допинг анықталды

Отандық 6 бірдей ауыр атлеттен допингке қарсы сынақ кезінде оң нәтиже анықталды, деп хабарлайды ҚР Ауыр атлетика федерациясы.

«2022 жылғы 9 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қазақстан ұлттық допингке қарсы күрес орталығы жарыстан тыс допинг-бақылау аясында ауыр атлетикадан ҚР Ұлттық құрама командасының спортшыларын тестілеуден өткізді», - делінген хабарламада.

Бақылау қорытындысы бойынша келесі спортшыларда оң допинг-сынамалар анықталды:

1. Әуелханов Абылай

2. Сон Игорь

3. Потасова Юлия

4. Чалкарова Руфина

5. Дроздов Алексей

6. Макрушин Матвей.

Федерация таратқан мәліметке сәйкес, жоғарыда аталған барлық спортшы Алматы облысының өкілдері.

«Допингке нөлдік төзімділік саясатын ұстана отырып, ҚР Ауыр атлетика федерациясы бұл оқиғаға ішкі тергеу жүргізуге ниетті», - дейді аталған ведомстводан.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!