ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Қазақстандағы жағдайға байланысты «Барыстың» «Ак Барсқа» қарсы матчы Ресейде өтеді

ҚХЛ баспасөз қызметі 17 қаңтарға жоспарланған «Барыс» пен «Ак Барс» кездесуі Ресейде өтетінін хабарлады.

«Қазақстандағы тұрақсыз жағдайға байланысты Лига №590-шы «Барыс»-«Ак Барс» матчын 2022 жылдың 17 қаңтарында Ресей Федерациясының аумағында өткізу туралы шешім қабылдады және матчты осы Казан қаласында өткізу мүмкіндігін қарастыруда.

Барлық мәселелер мүдделі тараптармен талқылануда, Лига қабылданған шешімдер туралы қосымша хабардар етеді», - деп жазды лиганың баспасөз қызметі.

Еске салайық, елде төтенше жағдай енгізілгеннен кейін «Барыс» Қазақстан аумағында бір матч өткізіп үлгерді. Магнитогорскінің «Металлургімен» болған кездесу көрерменсіз өтті.

Ағымдағы маусымда «Барыс» Шығыс конференциясы кестесінде сегізінші орында, «Ак Барс» үшінші орында келе жатыр.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!