Қазақстан жасөспірімдер құрамасының «Даму кубогіне» шақыртылған ойыншылар тізімі жарияланды

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының (U-17) бас бапкері Александр Кузнецов «Даму кубогі» турниріне шақыртылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы турнирге дайындықты Футбол үйінде өткізеді. Жүлде үшін 10 команда таласатын болады, олар: Қазақстан, Израиль, Әзірбайжан, Молдова, Грузия, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь U-17 және Беларусь U-16.

Турнирге қатысатын ойыншылардың нақты тізімі жиынның соңында белгілі болады.

Кеңейтілген құрамға 28 ойыншы енді:

Қақпашылар: Мирас Рихард, Әбілқайыр Алиакбар, Давид Мухин;

Қорғаушылар: Елжан Молдахмет, Әлихан Исраилов, Артем Суржанский, Данияр Медеубаев, Тимур Құрбанов, Елхан Саидов, Рустам Жанхаев, Ерлан Тұтқабаев, Тимур Төкенов;

Жартылай қорғаушылар: Ахметәлі Қалтанов, Эльдар Мақсұтов, Алан Адахаев, Данияр Нәдір, Әбинұр Нұрымбет, Никита Михайлов, Бахтишат Абдулаев, Аян Байдәулетов, Әлішер Әміржан, Тамерлан Ағиманов, Ділмұхамед Саин, Абзал Баймолда;

Шабуылшылар: Аруп Сауытов, Виктор Лакеев, Хансұлтан Айту, Әмір Әлихан.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!