Душанбеде велоспорттан өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы екінші орынға жайғасты, деп хабарлайды Olympic.kz.
Әйелдер арасында командалық сайыста ел құрама сапынан жарыс Рината Сұлтанова, Фаина Потапова, Махаббат Үмітжанова мен Анжела Соловьева 24 км қашықтықты 24.015 секундте жүріп өтті. Бұл көрсеткіш отандастарымыздың күміс медаль еншілеуіне мүмкіндік берді.
Айта кетерлігі, Өзбекстан құрамасы құрлықтық біріншіліктің алтынын алса, Иран құрамасы үздік үштікті түйіндеді.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.












