Владислав Чернышов «Ақсу» футбол клубының спорттық директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі.
Владислав Геннадьевич – Бішкек футболының түлегі. Кәсіби мансабын 1998 жылы Бішкектегі «Динамода» бастап, Қырғызстан чемпионы және кубогінің иегері атанды. 2003 жылдан бастап павлодарлық «Ертіс» сапында ойнап, ел чемпионатында өткізген ойындар саны бойынша команданың рекордсмені болды. «Ертіспен» бірге Қазақстан Премьер-лигасының барлық медальдар жиынтығын жинады. Сондай-ақ Владислав Геннадьевич Қазақстан ұлттық құрамасы сапында екі ойын өткізді.
2018 жылы Чернышов «Ақсуға» ауысып, ойнаушы бапкер ретінде өнер көрсетті. «Ақсу» құрамында Бірінші және Екінші лиганың жеңімпазы болды.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.











