Қазақстан құрамасының экс-капитаны «Астананың» бапкерлер штабына кіреді

Маргулан Жакып
14.01.2022
17:02
Новость
Футбол

39 жастағы қазақстандық маман Қайрат Нұрдәулетов елордалық «Астананың» жаттықтырушылар штабына кіреді, деп хабарлайды KazFootball.kz .

Дереккөздің мәліметінше, ол «Астанадағы» және Қазақстан U-21 жастар құрамасындағы жұмысын қатар алып жүреді.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрдәулетов 2020 жылдың желтоқсан айынан бастап жастар құрамасын басқарады. Бұрын ол жастар құрамасы аға жаттықтырушысының көмекшісі, содан кейін ҚФФ құрама командалар департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2003 жылдан 2013 жылға дейін Қазақстанның ұлттық құрамасында 35 матч өткізіп, ұзақ уақыт бойы капитандық белгімен өнер көрсетті.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!