ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлері «Ордабасының» жаттығуына қатысты

Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлері «Ордабасының» жаттығуына қатысты

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов көмекшілерімен елдегі басты команданың ойыншыларының физикалық жағдайы жайлы мәліметтер базасын құру мақсатында ҚПЛ клубтарының ішінде ең алғаш болып шымкенттік команданың футболшыларын тестілеуден өткізді.

Ойыншыларға тест жүргізу жайлы ұлттық құраманың аналитик-бапкері Павел Черепанов айта өтті:⠀

- Бүгінгі іс-шараның мақсаты – осы дайындық кезеңіндегі ойыншылардың жылдамдықтары мен төзімділіктерін бақылау. Сол үшін де бастапқы нәтижелерді білу маңызды. Себебі, болашақта ойыншылар ұлттық құрама сапына келген сәтте, біз олардың көрсеткіштерін алдын ала біліп отыратын боламыз. Ұлттық құрамаға шақырылуға үміткер ойыншыларға тестілеу міндетті түрде ары қарай жалғасатын болады. Барлық көрсеткіштерің динамикасын көрсету маңызды. Иә, бәлкім бұл кезеңдегі сандар жақсы емес шығар, бірақ біз бұл тек дайындықтың бастамасы екенін білеміз. Ол көрсеткіштер өсетініне күмәнім жоқ. Ең жағымдысы – ол ойыншылардың бүгінгі күні өздерінде бар мүмкіндіктерін жүз пайыз көрсетуі.

Біз «Ордабасының» алғашқы команда болып тестілеуден өткеніне қуаныштымыз. Бұл Қазақстан футбол федерациясы мен бас бапкер Талғат Маруаұлының жеке бастамасы екенін айтып өткім келеді. Қазір біз ойыншылардың шеберлік деңгейі мен дайындығын бақылап отыру үшін Қазақстанның барлық футболшыларына арналған ақпараттық база ашқымыз келеді. Біз U-17, U-18, U-21 командаларынан ұлттық құрамаға дейін сабақтастық болғанын қалаймыз. Мұндай іс-шараны біз көп жылдардан бері алғаш рет ұйымдастырып отырмыз және бұл ұлттық құрамаға ғана емес, клубтардың өздеріне де пайдалы болады деп сенеміз.

Қазіргі сәтте «Қайраттан» басқа барлық клубтар бұл бастамаға қолдау білдірді. «Ордабасы» - біздің кеңейтілген тізімдегі бірінші команда болғаны үшін клуб басшылығына алғысымызды білдіреміз.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!