ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Қазақстан чемпионатының желтоқсан айындағы үздік ойыншылары белгілі болды

Хоккейден Қазақстан чемпионатының желтоқсан айындағы үздік ойыншылары белгілі болды, деп хабарлайды Ligasy.kz.

Желтоқсан айындағы үздік қақпашы Илья Румянцев («Арлан») атанды. Румянцев бұл айда сегіз матч өткізіп, жетеуінде жеңіске жетіп, бар болғаны он шайба өткізіп алды және бір ойында қақпасын шайбадан аман сақтады.

Ал үздік қорғаушы атағы Роман Таталинге («Торпедо») бұйырды. Таталин желтоқсан айындағы сегіз ойында 11 (2+9) ұпай жинады.

Үздік шабуылшы Владислав Кулиев («Сарыарқа») атанды. Қарағандылық шабуылшы желтоқсан айында бес шайба соғып, 18 нәтижелі пас берді. Кулиев — қазіргі таңда чемпионаттың үздік ассистенті.

Жакен Ибрагимов («Сарыарқа») үздік жас ойыншы атағына ие болды. Қарағандылық жас қақпашы желтоқсан айында мұз айдынына шыққан барлық бес матчта жеңіске жетті. Жакен 275 минуттан астам уақыт ойнап, 105 соққыны қайтарды. Ибрагимовтың активінде бір «құрғақ» матч бар.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!