«Айымбетов «Крылья Советовтың» көшбасшысына айналуы мүмкін.» Ресейлік бапкер Абаттың трансфері жайында айтты

«Айымбетов «Крылья Советовтың» көшбасшысына айналуы мүмкін.» Ресейлік бапкер Абаттың трансфері жайында айтты

«Ақтөбенің» бұрынғы бас бапкері Владимир Муханов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан құрамасының ойыншысы Абат Айымбетовтың «Крылья Советов» командасына ауысымына баға берді. Ресейлік маман футболшымен оның жас кезінде жұмыс жасаған.

"Жалпы, қазақстандық ойыншылардың бәсекелестігі жоғары чемпионатқа ұмтылып жатқанына қуанамын. Алайда, уақыттан озып алда не болатынын болжап айтқым келмейді, Зайнутдинов секілді бұл ойыншылар да басқаларды қанаттандырады деп ойлаймын. Ол жақта да дәл сондай адамдар ойнайды, ешкімнен қорықпасын дер едім.

Айымбетовтың күшті қырлары көп - жылдамдық, гол соға алу қабілеті. Иә, оның мансабында өзіне деген сенімін жоғалтқан кездері де болды, жарақат алды, бірақ ол қайтадан сенімді ойнап, өзін мықты жағынан көрсетіп жүр. Менің ойымша, ол жігіт «Крылья Советовтың» көшбасшыларының біріне айналуы әбден мүмкін.

Оның «Қайраттан» «Крыльяға» ауысуы маған түсінікті. Ол ФНЛ-да өнер көрсететін командаға ауысып жатыр, алайда келесі жылғы мақсаты тек РПЛ-да ойнау екені сөссіз. Егер ФНЛ-дың ортңқол командасы болса, басқа әңгіме, алайда бұл клуб өзінің РПЛ-ға шығу мақсатына сенімді қадам басып келеді», - дейді Владимир Муханов.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!