Australian Open: Михаил Кукушкин екінші айналымға өте алмады

Қазақстандық Михаил Кукушкин Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына өте алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 180-орында тұрған қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 41-ракеткасы, америкалық Томми Полмен кездесті.

Америкалық теннисші 6:3, 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Кукушкин 1 сағат 40 минутқа созылған матчта 3 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды. Қарсыласы 9 эйс, 5 брейкке (10 брейк-пойнт) қол жеткізді.

Осылайша Аустралия ашық чемпионатының бірінші күні екінші қазақстандық теннисші жарыс жолынан шығып қалды.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!