«Атыраудың» сербиялық ойыншысы өзбекстандық клубқа ауысты

31 жастағы сербиялық қорғаушы Даниэль Стойкович «Атыраудан» өзбекстандық «Нефтчиге» ауысты, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Стойкович өзбекстандық командаға еркін агент ретінде ауысты.

Даниэль «Атырауға» 2021 жылдың наурыз айында қосылды. «Мұнайшылар» үшін барлығы 28 матч өткізіп, бір мәрте мергендігімен көзге түсіп, екі нәтижелі пас берді.

Өткен маусымда «Нефтчи» Бірінші лига чемпионы атанып, Өзбекстанның Суперлигасына көтерілді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!