«Астанадан» ресми түрде екі легионер кетті

Өзара келісім бойынша Энео Битри мен Семир Смайлагич елордалық «Астана» сапынан кетті, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі.

Энео Битри командаға 2021 жылы жазда қосылып, 18 ойынға қатысып, екі гол соқты. Босниялық шабуылшы Семир Смайлагич болса, «Астана» құрамында 13 рет алаңға шығып, маусымның екінші жартысында «Қызылжар» сапында жалда ойнады.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін клубтан ресми түрде Валерий Чуперка кеткен еді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!