«Астана» ВТБ бірыңғай лигасында польшалық клубтан жеңілді

ВТБ Бірыңғай лигасының матчында «Астана» сырт алаңда польшалық «Зелeна Гурамен» шеберлік байқасты.

Ойынның бірінші бөлігінде алаң иелері мықтырақ болды. Үшінші кезеңде «Астана» мен «Зелена Гура» бірдей ұпай жинады. Ал ойынның соңғы бөлігінде елордалық клуб басымдығын көрсетті, бірақ бұл оларға жеңіс әкелмеді.

«Астана» сапында Энтони Хики 33 ұпай, Скайлар Спенсер 12, Антонио Кэмпбелл 11, Олег Балашов 10, Марк Тихоненко 6, Николай Бажин, Роберт Пан және Дмитрий Гаврилов 3, Максим Марчук 2 ұпай жинады.

13 ақпанда «Астана» сырт алаңда мәскеулік ЦСКА командасымен ойнайды.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!