ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Букмекер №1 в Казахстане
Лучший букмекерский бренд*
Самый надежный букмекер
Лучший киберспортивный букмекер
Лучший букмекер 2025*

«Астанаға» алғашқы турда техникалық жеңіліс жазылуы мүмкін

Қазақстан Премьер-лигасының бірінші туры аясындағы «Астана» мен «Шахтер» арасындағы матчта елордалық клуб сапында жеті шетелдік ойыншы бір мезгілде алаңға шықты, бұл Қазақстан чемпионатының регламентіне қайшы келеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бастапқы негізгі құрамда ережемен рұқсат етілген алты легионер болды: Марко Милошевич (Сербия), Брайан Сильва (Бразилия), Даниил Бескоровайный (Украина), Жереми Манзорро (Франция), Педро Эуженио (Португалия) және Марин Томасов (Хорватия).

80-минутта либериялық ойыншы Мохаммед Камара Абат Айымбетовтың орнына алаңға шықты. Бұл ретте негізгі құрамдағы легионерлердің ешқайсысы ауыстырылған жоқ. Осылайша, Камара «Астана» сапындағы жетінші легионер атанды.

Айта кетерлігі, матч 0:0 есебімен аяқталған болатын.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!