ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Аршавин «Қайратқа» ұсынған ақылды футболшы өз командасының капитаны атанды

Аршавин «Қайратқа» ұсынған ақылды футболшы өз командасының капитаны атанды

«Қайсар» футбол клубы Асхат Тағыбергеннің командадан кетуіне байланысты жаңа капитанды тағайындады. Оның аты-жөні Думан Нарзилдаев. Vesti.kz тілшісі «қасқырлардың» жаңа көшбасшысы жайында ойын білдірген екен.

Нәрзілдаев капитандыққа әбден лайықты. Дәл қазір командада бұл лауазымға одан лайықтырақ ешкім жоқ.

27 жасар жартылай қорғаушы қызылордалық клубтың барлық құрылымынан өткен түлегі. Туған командасы «Қайсарда» клуб ауыстырмастан 2012 жылдан бері ойнап келеді. Команда сапында жалпы саны 200 матч өткізіп 15 гол соққан.

Оның 2019 жылғы Қазақстан Кубогының финалында «Атырауға» соққан голы «Қайсарды» тарихта алғаш рет Еуропа Лигасына шығарды.

2020 жылы ҚПЛ-да футболшы 18 ойын өткізіп «Таразбен» болған ойында бір голмен көзге түсті.

Тағы айта кетерлік жағдай, былтыр ол Қазақстан ұлттық құрамасы сапында алғашқы ойынын өткізді. Минскіде өткен Ұлттар Лигасының матчында Беларусь құрамасына қарсы алаңға қосалқы құрамнан ауысып кірді. Құрама командада әзірге 11 минут өткізді.

Жаңа маусымда Думанның команда көшбасшысы екендігін дәлелдейтін толық мүмкіндігі бар. Ойынщының бойында талант, ең бастысы - талпыныс, өзін жақсы жағынан көрстуге деген құлшыныс бар. Қазір команданың ойыны осы футболшының маңайында құрылатыны белгілі. Ол осыған дейін Тағыбергеннің көлеңкесінде қалып кететін. Енді көшбасшылықты өз қолына алады деген ойдамыз.

Кезінде «Қайрат» ойыншысы болған Андрей Аршавиннің өзі «Қайсардың» қазіргі капитанын ҚПЛ матчтарында кездескенде байқаған. Ресей құрамасының экс-ойыншысы өзінің қоштасу баспасөз-мәслихатында Думанды премьер лиганың ең ойлы ойыншысы, оны алматылық клубқа сатып алуға кеңес берген.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!