Ардақ Сәулет: «Ақтөбе» жүрегімде мәңгілікке ерекше орын алады»

«Ақтөбеден» кеткен қазақстандық ойыншы Ардақ Сәулет клуб және жанкүйерлермен қоштасты.

«Ақтөбе» менің жүрегімде мәңгілікке ерекше орын алады! Үлкен футболдағы алғашқы қадамдарым, ең алғашқы голым, жүлдем осы клубпен байланысты. Одан бөлек қиын кездер де болды – жарақаттар, жалға ауысу, бан, Премьер-лигадан ұшып кету. Барлығын жанкүйерлермен бірге кештік, сіздерге мың алғыс! Маған деген ерекше жылы сезімдеріңіз әрдайым еңсемді түсірмеуге, берілмеуге талпыныс беріп отырды. Жаңа маусымда сіздерге көп жеңісті күндер тілеймін!», — деп келтіреді Сәулеттің сөзін «Ақтөбе» баспасөз қызметі.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!