ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Андрей Тихонов: «Жақсы ойнап жатып, гол жіберіп алу командаға моральдік тұрғыдан ауыр тиді»

Андрей Тихонов: «Жақсы ойнап жатып, гол жіберіп алу командаға моральдік тұрғыдан ауыр тиді»

Елордалық «Астана» футбол клубы шымкенттік «Ордабасымен» болған ойында маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Ойыннан соң сұхбат берген команда бас бапкері Андрей Тихонов осы матч жайлы өз пікірін білдірді:

— Ойынды жақсы бастадық, алғашқы 10 минутта 2 жүз пайыздық сәт болды, сол сәттерде Мұртазаев гол салғанда, матч барысы басқаша өрбитін еді. Бірақ біз гол сала алмадық, артынша керек емес голдар жіберіп алдық, екі гол команданы психологиялық тұрғыдан сындырып тастады. Жақсы ойнап жатып, гол жіберіп алсаң, моральдік тұрғыда қиын тиеді.

Осы жағдайдан кейінгі 15 минутта нашар ойнадық. Дегенмен, екінші таймды жақсы бастадық, шабуылдар болды, тепкен доюымыз қақпа бағанасына, маңдайшасына тиіп жатты. Ойынды бақылауда ұстасақ та, гол соға алмадық. Абат Аймбетовте жүз пайыздық гол соғатын сәт болды, бірақ ол екі метрден қақпаны көздей алмады. Егер ол гол соққанда, қалған 30 минутта біз матчтың тағдырын өззгерте алар едік.

Ал «Ордабасы» жарады, өздерінің ойын жоспарын жақсы орындап, қорғаныстан бастап ойнай алды және қарымта шабуылдарға иек артты. Мен командама ешнәрсеге қарамастан аяғына дейін ойнағандары үшін ризамын. Бір жағынан, қарсылас осылай қорғаныста тығыз ойнаса, оны бұзу өте қиын. Осындай мықты қарсыласқа қарсы ойынды бақылауда ұстап, қауіпті сәттер туындата алғанымызға қуанамын. Жылдам шабуылдарды жіберіп алдық, бірақ гол соғу және жеңіске жету үшін ашық ойнауға мәжбүр болдық. Жеңілістен ешкім сақтандырылмаған, бірақ оны енді болдырмау керек, ал біз алға қарай жылжи береміз.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!