ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Қанат Исламның шаршы алаңға оралар уақыты өзгерді

Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) 21 қаңтар күні Флорида штатының Плант-Сити қаласында рингке оралуы керек еді, алайда жекпе-жектің уақыты өзгерді.

Қанат Ислам британиялық Джимми Келлимен (25-2, 10 КО) 21 қаңтар емес, 25 ақпан күні жұдырықтасады.

Pro Box Promotions промоутерлік компаниясының хабарлауынша, COVID-19 ауруының өршуіне байланысты бұл бокс кеші кейінге шегерілген.

Қанат Ислам өзінің соңғы жекпе-жегін 2021 жылы 20 ақпанда Майамиде өткізіп, жетінші раундта техникалық нокаутпен эквадорлық Джейсон Миндуды (14-5-1, 8 КО) жеңді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!