ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Қанат Ислам келесі жекпе-жегі жайлы ресми мәлімдеме жасап, қарсыласы мен өтетін уақытын да айтты

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) келесі жекпе-жегін 20 ақпан күні АҚШ-тың Майамиінде өткізеді. Бұл туралы Қанат өзінің инстаграм парақшасында мәлімдеді.

Қарсыласы 33 жасар ганалық Ободай Саи (35-3-1, 26 КО) болмақ. Бір жылдан аса күттірген жекпе-жек Нұр-Сұлтан уақытымен 21 ақпан таңғы сағат 09:00-де басталады. Текетірестің тікелей көрсетілімі тек KOTV қосымшасында көрсетіледі.

Естеріңізге сала кетсек, Қанат соңғы кездесуінде 2019 жылдың 26 қазанында Алматыдағы бокс кешінде намибиялық Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 КО) жеңген еді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!