Қазақстанның бірінші, әлемнің 33-ракеткасы Александр Бублик Майами ATP Masters 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты.
Жүлде қоры 8,6 млн АҚШ долларына жуықтайтын жарыстың 30-ракеткасы болып тіркелген Бублик доданы бірден екінші айнамымнан бастап, дүниежүзілік рейтингте 118-орында тұрған колумбиялық Даниэл Элахи Галан Ривероспен сынға түсті.
Тартысты өткен бірінші партияда колумбиялық спортшы тай-брейкте сәттірек ойнады – 7:6 (9:7). Екінші сетте қазақстандық теннисші таразы басын өзіне аударды – 6:3. Ақыры үшінші, шешуші партияда жеңісті жұлып алды – 6:4.
Бублик 2 сағат 10 минутқа созылған матчта 11 эйс жасап, 12 брейк-пойнттың жартысын өз есебіне жазды. Қарсыласы 1 эйс, 4 брейкпен (9 брейк-пойнт) шектелді.
Александр Бублик үшінші айналымда әлемнің 8-ракеткасы, норвегиялық Каспер Руудпен кездеседі. Ол швейцариялық Хенри Лааксоненді 6:1, 6:2 есебімен тізе бүктірді. Жуырда Норвегиямен матчта Бублик Руудты жеңген болатын.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.












