ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Ахметов: «Баха сол голдан кейін бесінші нүктесін бұлтыңдатады да жүреді»

Мәскеулік ЦСКА-ның ойыншысы Ильзат Ахметов қазақстандық командаласы Бахтиер Зайнутдиновке қатысты пікір білдірді, деп жазады команданың ресми сайты.

— Жанкүйерлерге Баха туралы олар әлі білмейтін нәрсе айтып берші.

— Біз көрші бөлмелерде тұрамыз. Баха әрқашан ерте тұрады, мен, керісінше, ұйықтағанды жақсы көремін (күледі). Таңғы ас кезінде ол ең бірінші, бұл оның ерекшелігі. Бұл жағынан біз мүлде ұқсамаймыз.

— Біздің бағдарламамызға берген сұқбатында сені Зәкір-ака деп атайтыны есімде: «Зәкір» – өйткені ол сені үнемі күтеді, ал «ака» – бұл «бауырым» деген сияқты құрметті үндеу.

— Иә, мен бәрін асықпай – ұйықтап, тамақтанғанды жақсы көремін. Ал Баха үнемі асығады, қайда екенін түсінбеймін (күледі).

— Бахтиер өзінің «Нижний Новгородқа» соққан эпикалық голынан кейін «жұлдыз» ұстады ма?

— Басынан мүлде тәжін тастамайды, бесінші нүктесін бұлтыңдатады да жүреді (күледі).

— Ол бізге жігіттер киім ауыстыратын бөлмеде гол соққан жерін сақтандыруды ұсынғанын айтты.

— Джей Ло сияқты ма? (күледі). Иә, сондай құнды дүние болса, солай істеу керек еді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!