Абылайхан Жүсіпов промоутерлік компаниямен келісім-шартқа отырды

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Suleimen Promotions промоутерлік компаниясымен келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды Sports.kz.

«Suleimen Team командасына қош келдің! Абылайхан Жүсіповпен келісім-шартқа отырғанымызды ресми түрде хабарлаймыз! Абылайхан, жеңістерге оңай жетіп, алға қойған әрбір мақсат орындалсын! Сенің соңына дейін баратыныңа сенімдіміз, біздің команда саған әлем чемпионы атағын алуға көмектеседі!» деп жазады Suleimen Promotions компаниясы.

Әуесқойлар арасында Аблайхан Жүсіпов Қазақстан құрамасының капитаны болды. Сондай-ақ үш рет әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Жүсіпов кәсіпқой бокстағы дебютін 2020 жылдың қазан айында өткізген болатын, бірақ сол жеңістен кейін кәсіпқой рингте жекпе-жек өткізген жоқ.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!