«Ақжайық» грузиялық клубқа есе жіберді

Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары аясында оралдық «Ақжайық» грузиялық «Самгурали» клубынан 1:3 есебімен жеңіліп қалды.

Оралдықтардың жалғыз голын пенальтиден Игорь Зенькович салды.

1945 жылы құрылған «Самгурали» өткен маусымда Грузияның бірінші лигасында жеңімпаз атанып, жоғарғы лигаға жолдама алған.

Бұл «Ақжайықтың» Түркиядағы төртінші жеңілісі. Одан бөлек еншілерінде үш жеңіс те бар.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!