ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Ақтөбе» ШФК ойыншысы сәтті өнер көрсетуінің сырын ашты

«Ақтөбе» футзал клубының ойыншысы Асхат Көлбаев оралдық «Бәйтерекпен» өткен жеңісті матч (5:3) жайлы ойын білдірді, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі.

— Асхат, жеңіс құтты болсын! «Әлихан» аренасы бізге сәтті болған сияқты. Өзің қалайсың?

— Рақмет-рақмет! Иә, бұл екі жеңіс оңайға түскен жоқ. Себебі бұған дейін қанша жеңіліс болды, қанша тең нәтиже болды. Сондықтан да жеңістер жігіттерге алға қарай қадам басуға жақсы мотивация әрі құлшыныс берді десем болады. «Әлихан» алаңы, иә, расымен бізге сәтті болды. Кешегі ойыннан кейін де бәріміз әзілдеп, «мүмкін, барлық матчтарымызды осында өткізерміз» деп қойдық. Бірақ, қанша дегенмен, мұнда көрермендер аз сыяды. «Қонысқа» қолдау беремін дейтін жанкүйерлердің әлдеқайда көп келетіні бар. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барша ақтөбеліктерді келе жатқан Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бәріне зор денсаулық тілеймін. Жылдан-жылға аман-есен жете берейік.

— Бүгін стадионға жарың мен ұлың кірген уақытта қатарынан екі гол салдың. Олардың матчты трибунадан қарап отырғаны саған қаншалықты әсер етеді?

— Ұлым менің өз алаңымыздағы матчтарымды қалдырмай көреді. Кеше бірақ келіншегім мен балам гол соққаннан кейін келген еді. Ал бүгін олар келгеннен соң дубль жасадым. Мүмкін, бұл да әсер еткен шығар. Өйткені баспалдақпен төмен түсіп келе жатқанын бірден байқадым.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!