«Ақтөбе» бір күн ішінде үш бірдей хоккейшімен толықты. Бұл туралы команданың баспасөз қызметі хабарлады.
Ақтөбеліктер 15 қаңтарда қорғаушы Алексей Грищенко, шабуылшылар Денис Гафаров және Евгений Гасниковті қатарға қосты.
Грищенко осыған дейін «Номад», «Арлан», «Теміртау» және «Құлагер» клубтарының намысын қорғаған. Ағымдағы маусымды «Алтай-Торпедо» сапында бастады. Алексей «Ақтөбеде» 89-шы нөмірлі жейдемен тер төгеді.
Гафаров өткен маусымды «Академия Арлан» сапында өткізіп, жаңа маусымды «Алматы» жейдесінде бастады. Денис «Ақтөбеде» 92-ші нөмірлі жейдемен тер төгеді.
Гасников «Сарыарқа», «Торпедо», «Арлан» және «Ертіс» сынды азулы клубтарда өнер көрсеткен. Өткен жылда «Днепрде» ойнап, ағымдағы маусымды «Ертіс» ойыншысы ретінде бастаған. Евгений «Ақтөбеде» 13-ші нөмірлі жейдемен тер төгеді.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.