«Ақтөбе» бапкері жаңа командасы туралы пікірін айтты

«Ақтөбе» бапкері жаңа командасы туралы пікірін айтты

«Ақтөбе» ФК бас бапкері Алексей Бага маусым алдында өткен ОЖЖ қорытындылады, деп хабарлайды Sports.kz.

«Ленинградецпен» болған матч жайында

— Дайындық кезеңіндегі жаңа ойыншылардың сапасы мен қабілеттерін анықтайтын өте маңызды ойын болды. «Сочиге» қарсы өткен ойын, 11 ақпанға жоспарланды, бірақ болмайтын болды,тез арада «Ленинградецпен» келісіп 10-ы күніне қойдық. Жаңа ойыншылардың келген уақытына сай келуі маңызды болды.

Жаңа ойыншылар жайында

— Егер жаңа ойыншылардың әртүрлі дайындық деңгейлерін және келген жерлеріне тоқталсақ, олармен біраз жұмыс жасау керек екені көрініп тұр. Біз мұны жақсы түсінеміз, дегенмен тез арада кім командада соңына дейін бізбен болатын ойыншыларды анықтауымыз керек. Ойыншылардың бір-бірімен жақсы түсінісуі тезірек болуы үшін командада кім ойнайтынын ертерек анықтауға тиіспіз. Егер ойын барысында көп ойыншы ауыстырсақ, матч пайдалы болды деген сөз.

Өткен жаттығу жиындары жайында

— Жігіттердің ұжым ішіндегі бір-бірімен қарым-қатынасы және істеріне деген құлшыныстары көңіл қуантады. Бұл артықшылықтар бізді үлкен жетістіктерге бастайтынына кәміл сенемін. Атмосфера, жұмысқа деген жауапкершілік, өзара қарым-қатынас, бұның барлығы алға үлкен мақсат қойған команда үшін өте маңызды. Футболдық тұрғыдан айтсақ, құрамды анықтап алған соң жұмыс істеу де, оларға түсіндіру де оңайлай түседі. Бұл командаға жақсы әсерін тигізеді. Қонақ үйде, автобуста, алаңда болып жатқан жағдайлардың бәріне ризамын.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!