«Ақсу» футбол клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясындағы кезекті жолдастық кездесуін өткізді.
Ақсулықтар косоволық «Ульпиана» командасымен кездесіп 2:2 есебімен тең тарқасты. «Ақсу» сапынан Батыр Құдайбердинов пен Дамир Марат көзге түсті.
Естеріңізге сала кетсек, «Ульпиана» осыған дейін «Таразбен» күш сынасып, 0:1 есебімен жеңіске жеткен еді. Ал «Ақсу» алғашқы матчында сербиялық «Колубара» клубын 1:0 есебімен жеңді.
Руслан Костышиннің шәкірттері келесі матчын бүгін, 31 қаңтар күні ресейлік «Волгарь» командасына қарсы өткізеді.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.











