ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Ақсу» клубы бапкерлік штабын таныстырды

Павлодарлық «Ақсу» бапкерлік штабта жұмыс істейтін мамандардың есімін атады.

Виктор Васильевич Ульяницкий бас бапкердің көмекшісі ретінде еңбек етпек. 2004 жылы футболшы ретінде Ульяницкий оралдық «Ақжайық» сапында өнер көрсетті. 2016 жылы «Таразда» Юрий Максимовтың көмекшісі болып жұмыс істеді. Кейінірек «Алтай» ФК спорт директоры қызметіне шақырылды. Соңғы екі жылда ол украиналық «Ворскла» командасында бас бапкердің көмекшісі болып қызмет атқарды.

Владимир Александрович Аржанов та алдағы уақытта жаттықтырушының көмекшісі болып жұмыс істейді. Аржанов 2015 жылдың қаңтарында «Атырау» клубымен келісім-шартқа отырып, екі маусым өткізді (55 матч, 13 гол). Футболшы ретінде қызылордалық «Қайсар» сапында да өнер көрсетті.

Ал Андрей Степанович Федоренко қақпашылар жаттықтырушысы болып тағайындалды.

Федоренко мансабын мәскеулік «Академияда» бастады, кейін ярославльдік «Шинникке» ауысты. Украинаның бірінші лигасындағы командаларда ойнаған, «Атырау» сапында да өнер көрсеткен. 2020 жылы «Колос» жастар командасының қақпашылар жаттықтырушысы болып тағайындалды.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!