ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Ақмаржан Қалмұрзаева Бейжің финалындағы сәтсіздік пен спорттағы қиындықтар туралы айтты

Ақмаржан Қалмұрзаева Бейжің Олимпиадасының финалында өнер көрсеткен санаулы қазақстандық спортшылардың бірі. Ол жарыстан соң Olympic.kz сайтына сұхбат берген спортшы Бейжің қарсаңындағы қиындықтар мен басты финалдағы қателіктерге тоқталып, алдағы маусымға қойған мақсаттарымен бөлісті.

«Бейжіңдегі Олимпиада ерекше қиындықпен өтті. Маған ғана емес, өзге ел спортшыларына да ауыр соқты. Кейбір спортшылар Қытайға жете алмай қалса, енді бірі Олимпиадаға келіп тұрып, қысқы ойындарға қатыса алмады. Бұдан асқан өкініш жоқ шығар. Өйткені, жарақатың сыр берсе, жағдайды түсінер едің. Ал денің сау кезде Олимпиададан сырт қалу ешбір спортшыға оңай емес. Менің де Қытайға жетуім қиын болды. Командалық жарыстар аяқталған соң ғана Олимпиада ауылына аяғым тиді. Соған да шүкір етемін.

Бұл күрделі элементті сонау 2015 жылы үйренгенмін. Бірақ жаттығу кезінде жарақат алып қалдым. Міне, осы жайт маған психоголиялық тұрғыдан кедергі келтіреді. Аталған ойдан арылу үшін қанша уақыт жұмыс істедік... Алайда баста қалып қойған нәрсемен күресу қиын екен. Сол кездегі жарақатыма байланысты үлкен трамплиннен секіруді уақытша тоқтатып қойғанбыз. Олимпиада қарсаңында жүлдеге ілігуді, жақсы өнер көрсетуді мақсат етіп, күрделі элементті қайтадан секіре бастадым. Олимпиадаға тас-түйін дайын келдік.

Төрешілер шешімімен Жанбота финалға шыға алмады. Осы сәтте бәрінің маған үміт артқанын шын түсіндім. Қасыма келіп: «Ақмаржан, үміт сенде» деушілер де көп еді. Бұл да мен үшін ауыр жүк болды. Іріктеу мен финал арасындағы үзіліс кезінде ойымды басқа арнаға бұрып, өзімді дайындауға тырыстым. Олимпиададан медаль алып, қазақ халқын қуантқым келді. Амал қанша?! Мен ойлағандай болмады... Ешбір спортта кепіл жоқ. Әлем үздіктерінің өзі сәтсіздікке ұшырап жатады. Бұл спортшыларды одан әрі қайрай түсетіні анық.

Шеттен жарысты қарап тұрғанда, басқалардың құлағанын ауыр қабылдаймын. Ал теледидардағы бейнеқайталауда спортшының құлаған сәті баяу көрсетіледі де, екі есе қауіпті көрінеді. Тіпті, өзіміз де қорқып кетеміз, жасырмаймын. Негізі, құлаған сәтте адреналинмен аса ауырлық сезінбейсің. Бірақ келесі күні денеңді көтере алмай жүретінің рас (күлді). Естеріңізде болса, фристайл-акробатикадан әйелдер арасындағы турнир жоспарланған мерзімінен бір күнге ауыстырылды. Бәрі де ауа райына байланысты ғой. Іріктеу түсте өткендіктен, қар жұмсақ болды. Ал кешке қарай күн де суытып, қар да қатып қалды. Финалдағы екінші мүмкіндігімде шаңғымның темірі қарға ілініп қалды. Осылайша, трамплинге жете алмай, жарыс жолынан шығып кеттім. Мұндай сәттерде төрешілерден тағы бір мүмкіндік заңды түрде сұралады.

Акробатикаға келгенім де бір қызық еді. Спорттық гимнастикадағы бапкері Галина Долгополова фристайл-акробатикаға жол ашты. Мен мұндай спорт түрін білмек түгілі, елестетіп те көрмеген екенмін. Трамплинді алғаш көргенде: «Қалай секіремін», - деп ойлағаным рас. Қазір спортқа деген қызығушылығымның арқасында Олимпиаданың финалына дейін жеттім. Біздің спортқа қызығатындар көп. Бірақ фристайл-акробатиканың қиындығына көп ешкім шыдай бермейді. Әсіресе, жастардың көбісі бас тартады. Сондықтан, бәсекелестік те аз. Ал бәсекелестік болмаған жерде даму да болмайды. Одан бөлек, жастар дайындалатын арнайы мектептер де жоқ. Осы жағдай менің жаныма батады. Болашақта кішкентай таланттарды шыңдайтын көпсалалы спорт мектебін ашуды армандаймын», — деді Ақмаржан.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!