ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

13 жастағы теннисші қыз Қазақстан чемпионатынан 4 алтын медаль жеңіп алды

Алматыда үстел теннисінен 2007 жылы туған және одан кіші спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионатында қарағандылық спортшы Виктория Мочалкина үздік өнер көрсетті.

Он үш жасар спортшы командалық, жеке, жұптық және аралас сынақтарда төрт алтын медаль жеңіп алды.

Қарағанды үстел теннисі мектебінің басқа өкілдері де жоғары деңгейде ойын көрсетті.

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Алан Құрманғалиев те үш алтын, бір күміс жеңіп, көзге түсті.

«Дарья Фу жоғары сынамалы екі марапатқа ие болды, Альбина Жақсылықова жеке және жұптық разрядта қола алды, Дарья Гамова – Полина Сиротина жұбы үшінші орын алып, жеңіс тұғырына көтерілді», - деп хабарлады Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!