«Қызыл-Жар» сербиялық футболшыны қатарға қосты

Петропавлдық «Қызыл-Жар» командасы 31 жастағы сербиялық қорғаушы Стефан Живковичпен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

Стефан Живкович сербиялық «Црвена Звезда» клубының түлегі. Өз елінде ол «Ресник», «Хайдук», «Борац» және «Чукарички» командаларында ойнап, 2015/16 жылғы маусымда қола жүлдегер атанды. 2017 жылы футболшы «Ертіс» сапында ойнаса, 2018 жылдың бірінші жартысында «Атыраудың» намысын қорғады, ал 2020 жылы «Жетісудың» футболшысы атанды.

Қорғаушының соңғы клубы «Тұран» болды. Ол түркістандық клуб сапында 30 кездесу өткізіп, 2 гол соқты, 1 нәтижелі пас берді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!