«Қайсардың» қаралымына «Лионның» түлегі келіп қосылды

Франциялық «Лионның» түлегі «қасқырлардың» жаттығуына қосылды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Сенегалдық 29 жастағы қорғаушы Усман Н’Диайе Еуропаның белді клубтарында доп тепкен. Франциялық «Арль», түркиялық «Генчлербірлігі», «Самсунспор», және «Анкараспор» сынды клубтарда өнер көрсеткен.

Соңғы клубы Молдованың бірнеше дүркін жеңімпазы «Шериф» командасы. «Шериф» сапында 29 ойынға қатысып, екі мәрте қақпа торын тулатып, төрт рет нәтижелі пас берген. Қос қапталда да ойнай алатын орталық қорғаушы жиын барысында бапкерлер көңілінен шығу үшін барын салып көреді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!