ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Қайсар» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын аяқтады

Қызылордалық «Қайсар» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын аяқтады, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі.

Наурыз айының 2-інде басталған жиында бас бапкер Сұлтан Әбілдаев төрт жолдастық кездесу ұйымдастырып, қаралымға келген футболшылардың әлеуетін байқады.

«Қасқырлар» украиналық «Альянс» (0:0) және Швецияның белді клубы «Эстерсундпен» (0:0) тең түссе, даниялық «Эшой» (0:1) мен ресейлік «Шинникке» (0:3) жол берді.

15 күнге жоспарланған жаттығу жұмыстарында футболшылар физикалық және тактикалық жаттығуларға ден қойды.

Енді «Қайсар» наурыз мерекесі қарсаңында Қызылорда қаласында жиналып, жаңа маусымға соңғы дайындығын пысықтайды.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!