«Қайсар» қорғаушысы «Шахтер» сапына ауысты

«Қайсардың» орталық қорғаушысы Иван Граф қарағандылық «Шахтер» командасына ауысты, деп хабарлайды клубтың ресми инстаграм парақшасы.

Хорватиялық қорғаушы «қасқырлар» құрамында 138 ойын өткізіп, 8 гол соққан. Ол бұған дейін «Врапче», «Лучко», «Загреб», «Истра-1961», «Приморье» және «Таврия» командаларында ойнаған. Павлодарлық «Ертістің» де сапында доп тепкен.

Айта кетейік, «Шахтер» өткен маусым қорытындысы бойынша ел біріншілігінде төртінші орын алып, еурокубоктердің іріктеу сынына жолдама алған болатын.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!