«Қайсар» алты жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр

Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары аясында қызылордалық «Қайсар» тағы алты кездесу өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Бас бапкер Сұлтан Әбілдаевтың шәкірттері қорытынды жиында алты жолдастық кездесу өткізеді.

Алдымен 18 ақпанда Ресей ұлттар лигасындағы «Шиник» командасымен кездессе, 20 ақпанда Грузия чемпионатының «Телави» командасы «қасқырларға» қарсылас атанады. Араға үш күн салып, яғни 23 ақпанда «Қайсар» украиналық «ВПК Агромен» шеберлік сынасса, 25 ақпанда Тәжікстанның бірнеше дүркін жеңімпазы «Истиклолмен» кім мықтыны анықтайды. 27 ақпанда қырғызстандық «Дордой» ұжымымен күш сынасады. Қызылордалықтардың Түркиядағы жолдастық кездесуін 2 наурызда «Тюменьмен» өтетін ойын түйіндейді.

Аталған кездесулерді клубтың медиа қызметкерлері тікелей эфирде көрсетуді жоспарлауда.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!