ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Қайраттың» көшбасшысы ауыр жарақат алды

«Қайраттың» көшбасшысы ауыр жарақат алды

Польша құрамасы мен «Қайрат» футбол клубының футболшысы Яцек Гуральски бресттік «Рух» командасымен болған жолдастық кездесу кезінде алған жарақатына байланысты жарты жылға футболдан қол үзуге мәжбүр. Бұл ақпаратты ол өзінің Instagram парақшасында жариялады.

«Маған мұны жазу өте қиын, бірақ мен сіздерге жаттығу жиындары кезінде болған жайды мәлімдегім келді. Өкінішке орай, менде ауыр тізе жарақаты. Жақсылап тексерістен өткен соң, оң тіземнің айқасқан байланыстарына зақым келгені анықталды. Мен футболдан алты ай демаламын. Мен өмірде ешқашан берілмейтін қайсар адаммын, сондықтан ем-дом шараларын жақында бастаймын. Мені әлі командамның жейдесінде талай көретіндеріңізге сенім білдіремін», - деп жазған еді.

Естеріңізге сала кетсек, Гуральски алматылық клубқа өткен маусымның басында келіп 2023 жылға дейін келісімшартқа отырған еді. ҚПЛ-да 16 ойын өткізіп «сары-қараларға» 16 жыл күткен медальдарын алуға көмектескен болатын.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!